Созылмалы аурулары бар балалар кезекші сыныптарға бармайды

Білім басқармасы кезекші сыныптарда күндізгі оқу нысанына созылмалы аурулары бар балалар жіберілмейтіндігін айтты

Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева 1 қыркүйектен бастап Алматы мектептеріне 1977 бала баратынын айтты. Қазірдің өзінде олардың 1-2 сынып оқушыларының 139 кезекші тобы құрылып, оқытушылар бекітілді.

Кезекші сыныптарда оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі. Балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері қамқорлықтағыларды санитарлық қауіпсіздік құралдарымен, қолдарын өңдеуге арналған жеке сауыттағы бетперделер, антисептиктермен немесе ылғалды антибактериялық майлықтармен қамтамасыз етеді, — деп мәлімдеді Жылқыбаева онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, ата-аналар балаларға әлеуметтік арақашықтықтың қажеттілігі туралы түсіндірулері тиіс. Сондай-ақ, балаларды сабақ басталар алдында мектептің кіре беріс есіктеріне дейін әкеліп және сабақтан кейін мектептердің кіре беріс есіктерінен үйге дейін балаларды ертуі керек.

 

Добавить комментарий