Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бойынша ақпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пандемия басталғалы коронавирус жұқтырған адамдар санын жариялады. Қазақстанда барлығы 1 404 642 пациент анықталды.
2023 жылғы 12 қаңтардағы таңертеңгі жағдай бойынша 138 адам анықталды.
12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.