Павлодарда көптен күткен сот талқылауы аяқталды, оның барысында екі кішкентай қызға азғындық жасаған 16 жастағы жігітке қатысты үкім шығарылды. Бұл жаға ұстатардық қылмыс оқиға Павлодар тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды.
Қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа тапсырылды, онда болған оқиғалардың мән-жайы жан-жақты қаралды. Соттың мәліметі бойынша, 16 жасар жігіт 2019 жылдың шілде айында өзінің көршілес пәтерінде тұрып жатқан 13 жасар қызды зорлаған. Жәбірленуші бұл жайтты жасырып, ешкімге айтпаған
Ол бір жылдан кейін, жазғы демалыс кезінде, үлкен қызының анасы Өскеменге емделуге аттанып, кішкентай қызын әжесіне қалдырып кеткен. Жасөспірім ешкімнің жоқтығын пайдаланып кішкентай қызды зораған. Қорлық көрген кіші қыз өзінің нағашысына әпкесін көрші бала жатын бөлмеге кіргізіп, зорлағанын айтып берді, біраздан анасына да бұл хабар жетті.
Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушы өз кінәсін жоққа шығарып, өзіне тағылған айыптарды мойындамады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, сотталушының қылмыс жасаған кездегі жасын ескере отырып, ең жоғарғы жаза он жылға бас бостандығынан айыру болады. Жағдайды нашарлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыпталушыны сегіз жыл алты айға соттады.
Сонымен қатар, сот жасөспірімді жәбірленушілерге 2,5 миллион теңге мөлшерінде моральдық шығын төлеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан екі жылға айырылды