Сот Павлодар облысының бұрынғы әкімін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Сотталған және жазасын өтеп жатқан Павлодар облысының бұрынғы әкімінің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында бірінші сатыдағы сот оны мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Бақауов бұл шешіммен келіспей апелляциялық шағым түсірді.

Сот Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан екінші рет бас тартты.

Болат Бақауов пен оның адвокаттары апелляциялық алқадан бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жоюды және сотталған адамның мінез-құлқын, жағымды мінездемелерін ескере отырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Экс-әкімнің бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі шамамен бір жарым жылды құрайды.

Сот Павлодар облысының экс-әкімі Бақауовты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Прокурор сотталушының шағымы негізсіз, сондықтан бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын деп қорытынды берді.

«Апелляциялық сатыдағы сот Б. Бақауов өзін түзеу және келешекте қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу үшін оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді жалғастыру қажет еместігін куәландыратын фактілерді анықтамады», — деп хабарлады сот.

Осыны ескере отырып, сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз, сотталған Б. Бақауовтың жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Бірінші сотта Болат Бақауовтың қорғаушылары оның ресми түрде жұмысқа орналасқанын және оған іссапарға шығу үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату қажет екенін айтқан.

Болат Бақауов 2020 жылы мамыр айында үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұрынғы әкімді өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аймақтық мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларынан жалғыз құрылтайшысы Болат Бақауовтың туысы Руслан Бақауов болып табылатын «AksuTransLogistic» ЖШС тексеру нәтижелерін өзгертуді талап етті деп айыптады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 212,6 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден қасақана жалтару белгілерін анықтады. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша сома 3,1 млн теңгеге дейін азайтылған. Бұрынғы шенеунік кінәсін мойындады.

Добавить комментарий