Сот коммунналдық шаруашылыққа ашық люкке соқтығысқан Audi маркалы көліктің иесіне өтемақы төлеуді міндеттеді

Audi A6 маркалы көліктің жүргізушісі, Қарағанды тұрғыны қала көшелеріндегі ашық люкке соқтығысқаннан кейін келтірілген залдалды өтеу туралы істі жеңді. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен В.-ның «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Қазақжолқұрылыс» ЖШС «KVINTECconstruction» ЖШС-нің материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Аталған оқиға 2022 жылы 5 мамырда Карл Маркс пен Винницкая көшелерінің қиылысында орын алды, канализациялық люктің қақпағы аударылып, автокөлікке зақым келген. Автокөлікке келтірілшег залалды бағалағаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарының құны 620 000 теңге болып белгіленді.

Талапкер жауапкерлердің аудан жолдарын күтіп ұстау жөніндегі міндетін тиісінше орындамауы нәтижесінде оған залал келтірілгенін дәлелдей отырып, соттан жауапкерлерден келтірілген залал сомасын және сот шығындарын бірлесіп өндіріп беруді сұрады.
«KVINTECconstruction» ЖШС талапкерге келтірілген залалды өтеуге міндеттелді. «KVINTECconstruction» ЖШС заң нормаларын бұза отырып, оқиға болған жол учаскесі, ондағы жөндеу жұмыстарын жоспарлауға қарамастан, алдын алу шараларын қолданбаған және аталған жол учаскесін қоршамаған. «KVINTECconstruction» ЖШС материалдық залалды өтеу үшін 620 мың теңге төлеуі тиіс.
«Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Қазақжолқұрылыс» ЖШС іс бойынша тиісті жауапкерлер болып табылмағандықтан, оларға талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Добавить комментарий