Сот геноцидті жоққа шығарған чех мұғалімін кінәсіз деп таныды

Прагадағы сот геноцидті жоққа шығарған чехиялық мұғалім Мартина Беднаржованы кінәсіз деп таныды. Былтыр сәуір айында ол оқушыларға Киевте соғыс жүріп жатпағанын және украиндықтар Донбасста орыстарды қырып жатқанын айтты.

Прагадағы сот бұрынғы мұғалім Мартина Беднаржованы геноцидті жоққа шығару және ақтау байланысты бап бойынша кінәсіз деп таныды. Былтыр сәуір айында Ресей Украинаға баса көктеп кіргеннен кейін ол 13 және 14 жастағы оқушыларға чех тілі сабағында Киевте соғыс жүріп жатпағанын, ал украиндықтар Донбаста орыстарды қырырп, тірідей өртеп, терісін жұлып жатқанын мәлімдеді.

Оқушылар чехиялық теледидардан басқаша айтып жатыр деп қарсылық білдіргенде, Мартина Беднаржова ақпаратты басқа ақпарат көздерінен оқуға кеңес берді.

«Ол соғысты жоққа шығарды, мәселен, Киевте ештеңе болып жатқан жоқ деп отыр. Киевтің негізгі мақсаты — 25 ақпанда шабыл жасау болған», — деді мемлекеттік айыптаушы Ричард Петрасек.

Оқушылардың бірі мұғалімнің айтқан сөзін диктофонға жазып, ата-анасына тыңдатқан. Ата-анасы мектепке шағымданып, нәтижесінде Мартина Беднаржова жұмыстан шығарылды.

«Мұғалим ресейлік әскери пропаганданың және түрлі конспирологиялық теориялардың құрбаны болды. Ол аталған ақпаратқа сенгені соншалық, балаларға да насихаттаған, мен бұндайға жол берілмеу керек деп есептеймін», — деп атап өтті БАҚ және интернет-қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Роман Маца.

Мартина Беднаржова өзіне тағына барлық айыптарды жоққа шығарып, балаларды сыни ойлауға үйретпек болып, өз пікірін білдіргенін талап етті. Ол сондай-ақ айтылған «фактілерді» жалған деп санамайтынын айтты. Ол оқушысы 45 минуттық әңгіменің тек 18 минутын диктофонға ғана жазған және ол монтаж болуы мүмкін екенін, бұл оның сөзін басқаша қылып көрсеткенін атап өтті.

Мартина Беднаржованы сегіз айға бас бостандығынан айырып, бес жылға ұстаздық етуге тыйым салынуы мүмкін , бірақ сот оны мектептен босату жазасын жеткілікті деп санайды.

«Мұғалім шындық. Осындай позицияны ұстанатын мұғалімнің балаларға білім беруі дұрыс емес. Физика пәнінің мұғалімі Жерді жалпақ деп айтуы орынсыз болары еді», — деп толықтырды Роман Маца.

Ақтау үкімі шығарылғаннан кейін апелляциялық шағым түсірді.

Добавить комментарий