Солтүстік Корея: Студент «Кальмара ойыны» фильмін әкелгені үшін ату жазасына кесілді

Солтүстік Кореяда тыйым салынған «Кальмара ойыны» серияоын заңсыз әкелген студент ең қатаң жазаға кесілді.

Жас жігіт Қытайдан елге оралғанда жасырын флешкаға жазылған сериалдың көшірмесін әкелген. Ол файлды достарымен бөліскен.

Сот Netflix-тің танымал «Кальмар ойыны» сериялының көшірмесін контрабандалық жолмен әкеліп, таратқаны үшін ату жазасына кесілді, деп хабарлайды The Daily Mail.

Басылымның мәліметінше, Хамген-Пукто провинциясындағы ер адам Қытайдан елге оралғанда жасырын флешкаға сериалдың цифрлық көшірмесін әкелген. Ол файлды достарымен бөліскен, содан кейін оның үйіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Ер адам ату жазасына кесілді. Сериалдың көшірмесін сатып алғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылды. «Кальмар ойыны» сериялын көрген алты адам жазаланды — олар бес жылға ауыр жұмысқа кесілді.

Қазір оқу орнында тінту жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, мектеп директоры, жастар ісі жөніндегі хатшы және сынып жетекшісі жұмыстан босатылды. Оларды жазалау үшін көмір шахталарына жіберуі мүмкін.

Солтүстік Кореяда 2021 жылдың басынан бастап елге Оңтүстік Корея мен батыс елдерінен фильмдер, шоулар мен серияалдарды әкелуге қатаң тыйым салынған. Заң бойынша осындай материалдарды көрген, сақтаған немесе таратқаны үшін өлім жазасы түріндегі ең қатаң жаза қарастырылған.

Добавить комментарий