Соледар, Бахмут, Кременная: кескілескен ұрыс жүргізіліп жатыр

Украина аумағында соғыстың оты тұтанғанына 10 айдан астам уақыт өтті. Соңғы айларда Соледар, Бахмут, Кременная жерлерінде кескілескен ұрыс қимылдары жүргізілуде. Дәл осы қалалардың маңында Ресей әскерлері қазір барынша күш-жігерін салып, кез келген жолмен басып алуға тырысуда.

Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін ресейліктер осы бағытта өз әскери бөлімшелерін нығайтып жатыр. Украина тарапының мәлімдемесіне сәйкес, күн сайын жоғарыда аталған қалаларда кескілескен шайқастар болады.

Мәселен, УҚК Шығыс тобының спикері Сергей Череватый әр тәулік сайын Соледар және қаланың маңында жүздеген түрлі қару-жарақ жүйелерімен атыс жүргізіліп жатқанын бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, батыс сарапшылары Ресей әскерлері бұл бағытта орасан зор шығынға ұшырап жатқанын, алайда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетпегенін айтып отыр.

Мәселен, бірнеше ай бойы қарқынды әрі қантөгісті шайқастар сәтті аяқталмады — ресейліктер Бахмутты жақын арада бақылауына ала алмайды. Сарапшылардың пікірінше, РФ әскерлері жақын арада аталған қаланы басып алуға немесе қоршауына алуға күші жетпейді, өйткені олар оқ-дәрі жетіспеушілігіне тап болды.

Әскери сарапшылар Ресей әскері Бахмут, Соледар және Кременная бағытындағы шайқастарда орасан зорға шығынға ұшырап жатқанын айтты

РФ әскері Донецк облысын әкімшілік шекарасы шегіне басып алуға баса мән беріп отыр, бұл олардың басты мақсаты, деп есептейді әскери сарапшылар. Кремль соғыс алаңында жетістікке жету үшін өз сарбаздарының өмірін құрбан етуде.

Украина Қарулы Күштері Бас штабының мәлімдемесіне сәйкес Ресейдің Кемеров облысына қайтыс болған ресейліктердің денесі толған пойыз келді. Украиналық басылымдарда жарақат алған әскери қызметкерлерді әскери-дәрігерлік комиссияның шешімінсіз соғыс алаңына жіберу тәжірибесі қолға алынғаны айтылған. Соғыс алаңына ем-дом алғаннан кейін оңалтудан өтпеген сарбаздар жіберіліп жатыр.

Әскери сарапшылар Ресей әскері Бахмут, Соледар және Кременная бағытындағы шайқастарда орасан зорға шығынға ұшырап жатқанын айтты

«Айта кету керек, кескілескен шайқас жүріп жатқан аумақта ресейлік әскерлердің жағдайы мәз емес. Украина Қарулы Күштерінің қолбасшылығы жағдайды тұрақтандыру үшін Соледар бағытына қосымша сарбаздарды жіберу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бұл ретте Украинаға батыстық үлгідегі жоғары технологиялық қару-жарақ белсенді түрде жеткізіліп жатыр. Бұл жау күштерін барынша әрі тиімді жер жастандыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде РФ әскерінің бірқатар проблемалары бар. Бұл оқ-дәрілердің жетіспеушілігі, әскерлерді ұйымдастыру мен ерік-жігердің болмауы және т.б.», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.

«Ресейліктерге соғыс құрбандарының маңызы жоқ екеніне үйретті. РФ әскерінің Бахмут, Соледар және Кременнаяға жақын маңдағы шығындары соның айқын дәлелі», — деп жазады украиналық саяси технологтар.

Добавить комментарий