Болгариядағы Ресей елшілігі белгісіз біреу Кеңес әскері сарбаздарының құрметіне орнатылған монумент бүлінгенін хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, монументте «болгар халқының» атынан «Азат етуші совет армиясының» құрметіне орнатылған ескерткіші деп жазылған.
Ресейдің Болгариядағы елшісі Элеонора Митрофанова оқиғаны «вандализм актісі» деп атады.
Дипломат болгар билігіне бүлінген ескерткіш плитасын қалпына келтіріп, оқиғаны мұқият тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап ететін ресми нота жіберілгенін хабарлады.