Ресейлік БАҚ-та ел халқының басым бөлігі президент Владимир Путин бастаған соғысты қолдайтыны туралы көптеген мақалалар жарияланды. 15-17 наурызда өтетін президент сайлауында бұл кезекті рет айтыла бастайды. Батыс саясаттанушыларының пікірінше, Путин сайлау нәтижесіне қарамастан РФ президенті болып қала береді.
«Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, Путинді қолдаушылардың пайызы пропагандисттердің айтқандарынан аз. Сондай-ақ, соғысты жалғастырғысы келетін ресейліктердің саны азайып барады», — дейді әлеуметтанушылар.
Көптеген ресейліктер президент Владимир Путинді қолдаған, оның сөзіне сеніп, «арнайы әскери операцияны» бастау туралы шешімді қолдады. Көптеген украиндықтар ресейліктер Путин режиміне қарсылық білдіріп, жаппай наразылыққа шығып Ресей президентін биліктен қуады деп үміттенді. Бірақ шындап келгенде жағдай мүлдем басқаша болып шықты.
Ұрыс қимылдары басталғалы 23 ай өткеннен кейін соғысты тоқтатуды жақтайтын ресейліктердің саны өсті. Зерттеуді тәуелсіз социологтар мен Кремль үшін қоғамдық пікірге талдаумен айналысатын адамдар да жүргізді. Зерттеу жұмыстары 15-17 наурыздағы президенттік сайлауға негіз болатын фокус-топтар арасында жүргізілді. Олар оппозициялық саясаткерлер емес, саясатқа мүлдем қатысы жоқ ресейліктер. Әлеуметтанушы Олег Журавлев «адамдар соғысқа бейімделіп, өмір сүріп жатқанына» қарамастан, соғысты тоқтатуды қалайтындар қарасы өсіп барады.
Олар соғысты елдегі жағдайға байланысты тоқтатуды жақтап отыр. Ресейліктердің шешіміне орын алып жатқан жантүршігерлік жағдайлар, жүз мыңдаған украиндықтардың тағдыры мен өмірі түрткі болған жоқ. «Ресейліктер тұрмыс жағдайы төмендеуіне байланысты соғысты тоқтатқысы келеді. Жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, адамдардың көпшілігі аздаған жалақыға және бағаның қымбаттығына шағымдануда. Көбісі санкциялардың әсері тиіп жатқанына және күшейіп жатқанын байқап отыр», — деп есептейді батыстық саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, батыстың санкциялары Украинада соғыс қимылдары басталғанда сарапшылар болжағандай әсер етіп жатыр. Соғысты қолдайтын ресейліктердің 12 пайызы ойын өзгертті. «Соңғы кездері z-каналдардың блоггерлері ресейліктердің қолдауы төмендегеніне, еріктілердің азйғанына, ерікті түрде келетіндердің саны азаюына шағымдануда. Ресейліктердің ұрыс қимылдары аймағында ұзақ уақыт болуы қосымша соққы болып отыр», — деп жазады өз есімдерін атағысы келмеген батыстық әлеуметтанушылар.
Мобилизацияланған адамдардың туыстары соғыс алаңында жүрген жақындарын Украинадан қайтарып, басқаларды соғысқа жіберуді талап етті. Бірақ президент Путин мен Қорғаныс министрлігі соғыс аяқтмайынша ешкімді жібермейтінін жариялады.
«Ел азаматтары Ресей қуатты, жеңілісті білмейтін ел екеніне күмән келтіре бастады. Олар Путиннің билік ұзақ уақыт қалу үшін соғысты бастағанын, алдағы президенттік сайлауда тағы бір мерзімге қалуды көздеп отырғанын мойындаудан бас тартуда, ал бұған кінәлі халықтың өзі, себебі осы уақыт ішінде олар саясатқа араласпай келген. Бірақ санкциялар өз әсерін беруде. Сарапшылар Ресейде наразылық шарасы болмайтынына 100 пайызға сенімді. Бірақ тіпті РФ Орталық банкінің болжамы бойынша елдегі инфляцияның шыңы 2024 жылдың жазында болады. Әскери шығындар деңгейін ұстап тұру қажеттілігіне байланысты экономика құлдырап барады. Ресейліктер үшін бұл мөлшерлеме мен салықтың өсетінін, сонымен қатар елде бағаның шарықтап, жалақының төмендейтінін білдіреді. Жақын арада Ресейдегі соғысты қолдамайтындар саны басқа дамыған елдердегіден артық болмаса, кем болмайды», — деп есептейді шетелдік саясаттанушылар.