Соғыс алаңындағы жағдай Украинаның пайдасына шешілуде: батыстық сарапшылардың пікірі

Ресей мен Украина арасындағы соғыс қимылдары саясаткерлер мен дипломаттар соғыстың қашан аяқталатынын шеше алмайтынын фазаға жетті. Енді бұл тек қос мемлекеттің қарулы күштерінің қолында — соғыс тараптардың бірі ұрысты жалғастыра алмай, өзін жеңілгенін мойындағанда ғана аяқталады. Көптеген сарапшылар соғыс қимылдарын жалғастыруға мүмкіндігі мен қаражаты бар ел жеңіске жетеді деген қорытындыға келді.

Ресейдің жалғыз соғысып жатқаны бірнеше рет атап өтілді, себебі Украинаға әлемнің 40-тан астам елі әскери қолдау көрсетіп отыр: қару-жарақ, ақша, нұсқаушылар, сарбаздармен.

АҚШ Украинаға $3 млрд көлемінде әскери көмектің кезекті пакетін бөлетінін хабарлады. Бұл көмек пакеті негізінен Украинаға оның қорғанысын орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етуге көмектесуге арналған.

Ресей президенті Владимир Путин бір полярлы әлемдік тәртіпті өзгерту мақсатына қол жеткізу үшін Украина аумағында соғыс жүргізуде.

Многие эксперты уже сделали вывод – это война на истощение и победит тот, кто будет иметь возможность и средства продолжать ее как можно дольше

«Әзірге оған мақсатына қол жеткізуі қиынға соғады. Енді Путин соғыстан оңай құтылмайды. Халық саны жағынан үш есе аз, экономикасы жеті есе төмен елмен соғысып, алайда алты айда басып алмау — Путин режимінің жеңілісі екені анық. Оның үстіне, әлемдік қоғамдастық тарапынан бұрын-соңды болмаған Ресейге қарсы салған санкцияларды, сондай-ақ соғыс алаңындағы шығындарды — он мыңдаған ресейлік сарбаздардың жер жастануын және Украина әскерінің әскери техниканы жоюын назарға алатын болсақ.

Өз кезегінде Украина тым көп зиян шекті — көптеген адам қайтыс болды, қалалардың күл-талқаны шықты, миллиондаған бейбіт тұрғындардың өмірі . Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, украиндықтар қақтығысты уақытша тоқтатуды қаламайды», — деп жазады Украинадағы саясаттанушылар.

Украина халқы Ресей әскерінің толық капитуляциясын қалайды. Сауалнамаға қатысқан украиндықтардың 82%-ы бір қарыс жер берілмеуі керек деп санайды. Тек 10%-ы ғана бейбітшілікке қол жеткізіп, елдің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін кейбір аумақтардан бас тартуға болады деп есептейді, деп хабарлады Киевтің халықаралық әлеуметтану институты. Ұлттық демократиялық институттың сауалнамасының нәтижелері басқа да қызықты статистиканы көрсетеді — украиндықтардың 89%-ы Қырым мен Донбассты қоса алғанда, барлық аумақтарды қайтаруды соғыстың аяқталуының жалғыз оң сценарийі деп санайды.

Многие эксперты уже сделали вывод – это война на истощение и победит тот, кто будет иметь возможность и средства продолжать ее как можно дольше

«Украина Қарулы күштері соңғы бірнеше апта бойы уақытша басып алынған Қырым түбегіндегі әскери қоймалар мен базаларға тұрақты түрде зымыран шабуылдарын жасап жатыр. Әуел баста Украина қолбасшылығы УҚК Қырымдағы жарылыстарға қатысы барын ашық айтпауды жөн көрсе, енді генералдар Украина қарулы күштері Қырым түбегіндегі әуеайлақтарға зымыран шабуылдарын жасағанын мойындап отыр.

Қазіргі таңда Украина контршабуыл жүргізіп жатыр. Украина Қарулы Күштері Харьков облысындағы 20 елді мекенді қайтарып, РФ қорғанысын бұзды. Бұл туралы УҚК бас штабының бас жедел басқармасы бастығының орынбасары Алексей Громов хабарлады. Сонымен қатар, УҚК Харьков облысындағы 50-ден астам елді мекенді бақылауына алды.

«Путин Ресей мен ресейліктердің әл-ауқатына қатерге тігіп, жеңіліп қалған секілді. Санкциялар, Ресейден шетелдік бизнестің кетуі, Ресей әскерінің Украинаны жаулап алуға, сондай-ақ басып алынған аумақтарды ұстап тұруға қабілетсіздігі. Сонымен қатар, РФ 2014 жылы Путиннің жеке олжасы болған Қырымнан айырылуы мүмкін», — деп мәлімдейді украиналық әскери сарапшылар.

Добавить комментарий