Чехия премьер-министрі словакиялық әріптесіне Врбетицадағы оқиғаға байланысты ресейлік дипломаттарды елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтып ағынан жарылды.
Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Словакия премьері Эдуард Хегердің әрекетін батыл қадам деп атады. Бұл туралы Чехия министрлер кабинетінің басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Эдуард Хегер маған телефон шалып, Словакия [Врбетицадағы оқиға бойынша Чехиямен] ынтымақтастықтың белгісі ретінде үш ресейлік дипломатты ел аумағынан шығаратынын хабарлады. Үлкен рахмет! Біз Словакияның бұл батыл қадамын және ұстанымын өте жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті Бабиш.
Хегер бейсенбі күні Словакия билігі үш ресейлік дипломатты персона нон грата деп жариялау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. «Словакия ресейлік үш дипломатты ел аумағынан шығарады, — деді ол. — Олар алдағы жеті күннің ішінде республикадан кетуі керек».
Братислава осылайша Праганың НАТО және Еуроодаққа мүше мемлекеттерге Чехиямен ынтымақтасу туралы өтінішіне байланысты осындай шешім қабылдады, бұған дейін Прагадағы РФ елшілігінің бірқатар қызметкерлері нон грата тұлғасы деп жарияланған болатын.
Чехия Мәскеуге 2014 жылы елдің шығыс өңіріндегі Врбетице ауылында оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысы бар екенін айтты және ресейлік дипломаттарды ел аумағынан шығарып, оларды Ресейдің барлау қызметінің қызметкерлері деп атады.
РФ СІМ Праганың «негізсіз және ойдан шығарылған сылтаумен» шешім қабылданғанына байланысты наразылық білдірді.