
Словакия президенті Зузана Чапутова коронавирус жұқтырғанына байланысты, оның жеке қатысуымен өтетін барлық іс-шаралар өтпейтін болды.
Бұл туралы сәрсенбі күні Словакия республикасының баспасөз агенттігі хабарлады.
«Президент Зузана Чапутованың COVID-19 тесті оң нәтиже көрсетті», — деп хабарлайды агенттік оның баспасөз хатшысы Мартин Стрижинцке сілтеме жасап.
Чапутова коронавирус жұқтырғанына байланысты польшалық әріптесі Анджей Дудамен Португалия мен Италияға сапарын тоқтатуға мәжбүр. «Мен президент Дудамен бірге сапарға шыға алмайтыным өте өкінішті», — деді Чапутова.