Әскери қызметші әскери бөлімнен заңсыз жұмыстан босатылғанын және офицерлер тарапынан жыныстық қысымға ұшырағанын мәлімдеді.
Бойжеткен батальон командирі жыныстық қысым көрсеткенін хабарлады.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімде тексеріске кірісіп кетті. Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті қызметтен шығарудан бастап қылмыстық іс қозғауға дейін жауап беретін болады», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысы Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды.