Әскери қуатылығы жағынан елдер рейтингі: Қазақстан — 140 елдің ішінде 62-орында

Әскери күш-қуат рейтингін анықтау үшін 50-ден астам жеке фактор бағаланған – әскери қуат пен қаржыдан бастап материалдық-техникалық мүмкіндіктер мен географиялық орналасқан жерінен дейін.. Бұл ретте елдердің ядролық әлеуетінің көрсеткіштері бағалау критерийлеріне енгізілмеді.

Қазақстан әскери қуаттылығы бойынша елдер рейтингінде 140 елдің ішінен 62-орында тұр. Елдің индексі 1,0286 құрады. Ең жақсы рейтингтік балл — 0,0000. Индекстің мәні неғұрлым аз болса, елдің жауынгерлік әлеуеті соғұрлым қуатты болып есептеледі. АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония рейтингте көш бастап тұр. Көршілес елдер арасында, Ресей мен Қытайдан басқа, Өзбекстанның әскери әлеуеті ҚР-ға қарағанда жоғары. Сонымен қатар, Түркіменстан мен Қырғызстан сияқты елдер Қазақстаннан кейін орналасқан. Бутан, Косово және Либерия рейтингтің соңында.

Айта кету керек, рейтингте елдердің ядролық әлеуеті назарға алынбаған.

Индексті анықтау үшін 50-ден астам жеке фактор бағаланған – әскери қуат пен қаржыдан бастап материалдық-техникалық мүмкіндіктер мен географияға дейін.

Материалдық-техникалық мүмкіндіктер жағынан Қазақстанда 238 ұшақ, 300 танк, 1200 дана броньды техника, 124 сауда флоты, 5 порт пен сауда терминалы, 96 әуежай бар. Ұшақтардың ішінде 80 жойғыш ұшақ, 75 тікұшақ бар (олардың 22-сі — жауынгерлік тікұшақ).

Рейтинг бойынша, елімізде 167 мың әскери қызметші бар, бұл ел халқының жалпы санының 0,9%-ын құрайды. Елдің сыртқы қарызы 2021 жылы 167,5 млрд. АҚШ долларын құрады (140 елдің ішінде 38-ші орын).

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға 1,8 млрд тг бөлінді — бірден 66,7%-ға аз (НКИ небәрі 32,9%-ды құрады). Салыстыру үшін: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде салымдар көлемі 5,4 млрд теңгеге жетті (жылдық өсім — 4 есе).

Өңірлер бойынша барлық капиталды салымдардың жартысына жуығы Атырау облысына бөлінді (890,1 млн тг, плюс бір жылда 38,9%). Алғашқы үштікке Түркістан (515,2 млн тг) және Алматы (119,9 млн тг) облыстары кірді. Сектордағы ең аз инвестиция елордаға тиесілі: 225 млн тг — өткен жылмен салыстырғанда 85,6-ға есе аз. Ағымдағы кезеңде 17 өңірдің 4-іне қаражат бөлінбеді (Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы).

Салымдардың 93,5%-ы жергілікті бюджет есебінен, 5,7%-ы өз қаражаты есебінен, 0,8%-ы республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілді.

Добавить комментарий