Әскери ұшақтың апатқа ұшырауына құстар себеп болуы мүмкін

Қарағанды облысында әскери ұшақтың апатқа ұшырауына құстардың қозғалтқышқа соқтығысуы себеп болуы мүмкін.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғаға себеп болуы мүмкін барлық болжамды нұсқалары қарастыруда, алайда ең ықтималы — әскери ұшақтың бір топ құстармен соқтығысуы деп есептейді.

«Су-30СМ ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша арнайы құрылған комиссия барлық ықтимал нұсқаларды қарастыруда. Олардың бірі және ең ықтималы — әскери ұшақтың бір топ құстармен соқтығысуы», — делінген хабарламада.

Ұшақ құлаған жерден бірнеше ондаған құстың бөлшектелген қалдықтары табылды. Қазіргі уақытта жабайы құстардың оңтүстіктен солтүстікке ұшатын уақыты.

Құстардың, әсіресе ірі құстардың авиация үшін өте қауіпті екені атап өтілді. Ұшақтың турбиналары жолына келетін барлық нәрселерді ішке тартады. Күштік құрылғыға тап болған ірі құстар қозғалтқышты барынша зақымдап, оны істен шығарады. Негізінен осындай қақтығыстар ұшу және қону кезінде болады. Заманауи ұшақтың корпусы құстың соққысына төтеп бере алады, бірақ қозғалтқыш шыдамайды.

Егер құс түсетін болса, қозғалтқыш сөніп қалады, ал егер бір топ құс болса, онда, әдетте, екі қозғалтқыш та істен шығады. Авиацияда мұндай жағдай ең қауіпті жағдай болып саналады, себебі ұшақтар қозғалтқыштың бірі бүлінбесе ұшуын және қонуын жалғастыра алатындай жасалған.

Жойғыш ұшақтардың жылдамдығы жоғары, сондықтан олардың құстармен соқтығысуы едәуір ауыр зардаптарға әкеледі.

«Ұшқыштар өмірлеріне нақты қауіп төнгенше қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Ұшақ басқарылмай, кабинасы түтінге толып, бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төнбейтініне, сондай-ақ жердегі азаматтық нысандарына құлау мүмкін емес екеніне көз жеткізген кейін ғана ұшқыштар катапультті қолданған. Ұшқыштар ұшақтты апатты жағдайда тастап кету жүйесін барынша төмен тиіктікте пайдаланды. Олар ұшақты барынша сақтап қалуға, әскери бөлімнің арнаулы құтқарушылар күтіп тұрған аэродромға қондыруға тырысты», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Екі ұшқыштың да 2-ші сыныпты және жеткілікті кәсіби тәжірибесі бар. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын тәмамдаған. Екі ұшқыштың ұшу уақыты шамамен 1500 сағатты құрайды.

Су-30СM 4++ буынды көп мақсатты жойғыш жауынгерлік ұшағы 2015 жылдан бастап Қайта жарақтандыру бағдарламасына сәйкес жасақтала бастады. Осы үлгідегі ұшақтардың қызмет ету мерзімі жеткілікті. Жыл сайын авиациялық парк әуе кемелерінің заманауи үлгілерімен толықтырылып отырады, Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ үлесі 50%-дан асты.

16 сәуірде Қарағанды облысында Су-30СМ көп функционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыштардың бірінің омыртқа сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.

Добавить комментарий