Украинаның әскери техника тұрғысынан шығындары туралы мәліметтерді Ресей президенті Владимир Путин, РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-лейтенант Игорь Конашенков айтты.
«Жоғарыда аталған Ресей билігінің өкілдері Украинаның әскери техника шығындарының көлемі туралы мәлімдей отырып, өзара келіспей ойларына келгенді айтып отырғанын атап өткен жөн. Сондықтан Путин мен Патрушев немесе Патрушев пен Шойгу келтіретін шығындар арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сондай-ақ Ресей тарапы бірнеше рет келтірген деректер шындыққа жатпайтынын айта кеткен жөн. Мәселен, қорғаныс аналитикасы мен әскери іс-қимылдарды зерттеумен айналыстатын Oryx сайтының мәліметтеріне көз жүгіртетін болсақ, РФ армиясы ұрыс алаңында емес, теледидар экранында ғана УҚК-ны «талқандап» жатқаны көрінеді», — деп мәлімдейді украиналық әскери сарапшылар.
Саясаттанушылар Ресей билігі ел азаматтарына армияның табысқа жететініне сендіріп, соғысты және мемлекеттің қолданыстағы саясатын қолдауды жалғастыруы үшін манипудяция жасап жатқанын айтып, мысалдар келтіреді.
«Путин Петербург халықаралық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде РФ армиясы Украинаға одақтастары жіберген 5 бірлік америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенін жойғанын мәлімдеді. Алайда, Украинада осындай екі кешен бар. РФ әскері қалайша әуе шабуылына қарсы бес қорғаныс кешенін жойғаны әлі күнге дейін жұмбақ болып отыр.
Одан әрі. Шойгу мен Конашенковтың Украина армиясының адами шығыны туралы мәлімдемелеріне алайық. 6 маусымда Шойгу РФ армиясы 1500 украинды, ал 7 маусымда 945 украиндықтың көзін жойғанын мәлімдеді. Өз кезегінде Конашенковтың деректері Шойгу деректерінен айтарлықтай ерекшеленеді — 6 маусымда 385 украиндық және 7 маусымда 785 адам қаза тапқан. Ресейліктердің Украинаның шығындары туралы мәліметтері қоғамдық санаға манипуляция жасау үшін ғана жариялануда.
Шойгу 11 шілде күні Украина әскері ауқымды шабуыл басталғалы бері жаяу әскерлер 26 мың әскери қызметшісінен мен 1 244 танкі мен жауынгерлік машиналарынан айырылғанын мәлімдеді. Айта кету керек, Украина шабуылдау операциясын жүргізу үшін 12 бригада дайындады — бұл шамамен 70 мың адам. Егер шабуылдаушы тарап жеке құрамның 30-40%-ынан айырылатын болса, ол бірнеше бағыт бойынша шабуылдау операцияларын жалғастыра алмайды. Қазір тамыз айы, УҚК ресейлік позицияларға қарай алға жылжып келеді. Бұл ретте соғыс алаңының бірнеше учаскесіне бір мезгілде шабуыл жасап жатыр. Техника тұрғысынан да жағдай осындай. Шойгу мен Конашенковтың мәлімдемесіне сәйкес, Ресей армиясы қазіргі ауқымды шабуыл операциясы басталғанға дейін Украина әскерінде болған қару-жарақ пен әскери техниканың көптеген түрлерін жойған-мыс.
Бұл Ресей армиясының УҚК-ны «талқандап» жатқаны туралы мысалдардың аз ғана бөлігі. Бұл деректер күн сайын ресейлік ақпараттық кеңістікте жарияланып, ресейлік азаматтарды жаңылыстыруда. Ал шын мәнінде жағдай мүлдем басқаша. Украина шабуылдауды жалғастыруда, ал Ресей әскері күн сайын өте көп шығынға ұшырауда, бұл турады ресейліктерге хабарланбайды «, — деп жазады саясаттанушылар.