Жақында РФ Президенті Владимир Путин УҚК-ның қарымта шабуылы толығымен сәтсіз аяқталды, ал Ресей армиясы өз кезегінде тиімді әрекет етіп, белгілі бір жетістікке жетті деп мәлімдеді. Шын мәнінде соғыс алаңында қалыптасқан жағдай РФ әскері үшін мүлдем позитивті емес.
«Бірінші кезекте Ресей әскерлері маусым айында басталған ауқымды шабуылдау операциясы барысында Украина әскері қайтарып алған аумақтарды қайта жаулап ала алмай отырғанын айта кеткен жөн. Ресей оккупанттары украиналық позицияларға үнемі шабуыл жасап отырады. Сарапшылардың айтуынша, Ресей армиясы жасаған шабуылдардың салдары ауыр емес, айтарлықтай артиллериялық қолдауы жоқ», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.

Фото: Украина аумағындағы соғыс қимылдары басталғалы РФ үкіметі өз армиясы жетістікке жетіп жатқанын жүйелі түрде мәлімдеді
РФ-ның Авдеевкаға жасаған шабуылдары туралы бөлек айта кетейік. Сарапшылар олар сәтсіз аяқталды деп санайды. Ресей армиясы осы бағытта Красногоровка ауылы маңында 63 бірлік әскери техникасынан айырылды.
«ҰҰА көмегімен бір апта ішінде Ресей әскерінің 428 техникасы жойылды. Ресейліктер Украина Қорғаныс күштерін Роботинодан шығарып, олардың осы ауданда алдағы шабуылына кедергі келтіру үшін осындай белсенділік танытуда. Егер мұны Ресей әскерінің ойлағаны іске асатын болды делік, ол үшін өте көп шығынға ұшырайды. Украина ҚК Донецк және Запорожье облысында сенімді түрде алға жылжып келеді», — деп мәлімдейді әскери сарапшылар.

Фото: Украина аумағындағы соғыс қимылдары басталғалы РФ үкіметі өз армиясы жетістікке жетіп жатқанын жүйелі түрде мәлімдеді
Украина 165 шақырым қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарын алды, ол қазір қолданылып жатыр. Атап айтқанда, Бердянск және Луганск аэродромдарына соққы жасалды. «Украина ұшырып жатқан ATACMS зымырандары РФ авиациясы мен тылдағы оқ-дәрілер қоймаларына қауіп төндіреді. Ресей ұшақтары мен тікұшақтарын майдан желісінен алысқа немесе оларды жаулап алған аумаққа әкетуге мәжбүр болып отыр. Осылайша, Ресей авиациясы РФ әскерінің қорғанысын, жергілікті жерүсті шабуыл операцияларын қолдай алмай отыр», — деп жазады сарапшылар.