Түрлі сарапшылар мен аналитиктердің Ресей армиясының соғыс шығындары туралы деректер әр түрлі. «Нақты цифрлар расталмағанымен, Ресейдің әскери шығындары қазірдің өзінде Вьетнамда 10 жыл ішінде қаза тапқан америкалық әскери қызметшілердің санынан екі есе көп», — дейді саясаттанушылар. Сарапшылардың басым көпшілігі қазіргі таңда РФ әскері кем дегенде 100 000 сарбазынан айырылды деген пікірде.
Ресейде өз шығындары туралы айтпай отыр. Соңғы ресми ақпарат бойынша, Украинада кең көлемді соғыс қимылдары басталғалы бері 5 937 ресейлік әскери қаза тапты. Бұдан кейін мәліметтер келтірілген жоқ. «Әрине, ресейлік әскери қолбасшылық ұсынған 6000-дай ресейлік сарбаз қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұған қыркүйек айында басталған және әлі күнге дейін жүргізіліп жатқан РФ-дағы жартылай мобилизация дәлел», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Фото: Ресейлік әлеуметтік желіде мобилизацияны жақтайтын жазбалар, сондай-ақ жарнамалық бейнероликтер жарияланып жатыр
Путин Ресейде ішінара мобилизация аясында әскерге шақырту аяқталғанын мәлімдеді, бірақ тиісті жарлыққа қол қойылмады. Федерация кеңесінің мүшесі Андрей Клишас президенттің сөзінің заңдық күші жоғары екенін және жеке жарлықты талап етпейтінін мәлімдеді.
РФ президенті әкімшілігі Жарлықтың бірқатар ережелері қолданыста екенін, сондықтан оның күшін жойылмайтынын айтты. Құжатта мобилизацияланғандардың нақты саны айтылып, қол жеткізілгені атап өтілді. Бұл туралы Псков депутаты Артур Гайдуктың ресми сауалына берген жауабында айтылған.
Украиналық саясаттанушылар жоғарыда аталған ақпараттың негізінде ішінара мобилизация жасырын режимде жалғасуда деген қорытындыға келді. Олар мобилизация үшін жасалып жатқан пропагандаға назар аударуға кеңес береді. «Осылайша ресейлік әлеуметтік желіде мобилизацияны жақтайтын жазбалар, сондай-ақ жарнамалық бейнероликтер жарияланып жатыр. Путин режимі соғысқа жіберу үшін бірінші кезектегі үміткер ретінде кімдерді қарастырып жатыр? Видеодан көргеніміздей, Кремль соғысқа өлімі ел үшін ауыр соққы болмайтын адамдар тобын жіберіп жатыр», — деп жазады саясаттанушылар.

Фото: Ресейлік әлеуметтік желіде мобилизацияны жақтайтын жазбалар, сондай-ақ жарнамалық бейнероликтер жарияланып жатыр
Қысқаша бейнероликтердің әрқайсысы қарапайым ресейліктердің өміріндегі стереотипті қандай да бір оқиғаға арналған. Мәселен, негізгі назар ақшаның болмауына немесе отбасында күнкөрістің төмендігіне назар аударылған, ал егер әскерге барып, артынан соғыс алаңына аттанатын болса аталған мәселенің шешіледі-мыс. Ресейлік пропаганда соғысты өмірдің әр түрлі мәселелерінен шығатын әмбебап құрал ретінде келтіруде. Сондай-ақ, патриотизмді де қозғауда: нағыз патриоттар мен ер азаматтар — соғыстан қашпайтындар. «Аталған бейнероликтердің соңында сарбаздың соғыстан көңілі тоқ және жағдайы жақсы болып оралғаны көрінеді. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, соғыстан аман-есен оралу өте қиын», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.