Әскери қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Тараз қаласындағы ауруханаларда әскери бөлімде болған жарылыстар мен өрттен зардап шеккен 90-ға жуық адам ауруханаға жатқызылды.

Хабарланғандай, олардың басым бөлігі ТЖМ қызметкерлері.

«Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 90 адам ауруханаға түсті, оның 49-ы ТЖД қызметкерлері», — деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Жалпы ауданы 697 м2 болатын қойма ғимаратын жалын шарпыды. Жарықшақтардың ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған.

Жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш елді мекен орналасқан: олар: Жібек жолы кенті (3 шақырым), Үшбұлақ станциясы — (8 шақырым), Ботамойнақ (10 шақырым), халықтың жалпы саны шамамен 1 086 мың адам. Қазіргі уақытта 710 тұрғын Таразға эвакуацияланды, оның 128-і эвакопункттерде, 582-сі туыстарында.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына Алматы қаласынан құрамында 6 техника мен жеке құрамның 22 адамы, Түркістан қаласынан АМО 1 техникасы, Шымкент қаласы ТЖД арнайы жасағының 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 33 адамы және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келді

Қорғаныс министрлігінің ресми сұрауы бойынша ТЖМ өрт сөндіру үшін тікұшақты ұсынуға дайын. Алдағы уақытта ҚР ТЖМ күштері мен құралдары қалған өрт ошақтарын сөндіруге, сондай-ақ тұрғындарды тұрақты орналасу орнына қайтаруға, теміржол мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге тартылатын болады.

Апат салдарын жоюға мынадай күштер жұмылдырылды:

  • ТЖМ – 153 қызметкер, 46 техника,
  • ПД – 400 қызметкер, 54 техника,
  • №28349 ә/б – 8 қызметкер, 2 техника,
  • №5513 ә/б — 273 әскери қызметші, 12 техника,
  • Ұлттық гвардия – 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ мен ТЖД жедел желі ашылды. ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Добавить комментарий