Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери қызметші табельдік қарудан өзіне оқ атқан.
«29 мамырда 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери қызметші Ілияс Мұратұлы Айдосов өзіне берілген қарудан басына оқ атып, салдарынан қайтыс болды», — деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» РМК баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметтік тергеу тағайындалды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.