«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды

Сот «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімнің күшін жойды.

Іс материалдарын қайта қарау барысында «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің қызметтік жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды.

«Бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылды, онда ол ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотталған», — деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Берік Шәріп үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.

4 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СК-Фармация» ЖШС бұрынғы басшысының ісі бойынша үкім шығарды. Судья үкімді оқыды, оған сәйкес Берік Шәріпке заңсыз қару сақтағаны үшін айыппұл салынып, ал дәрігерлерді жаппай вирус жұқтырды деген айыптан ақталды.

Берік Шәріпті 2020 жылдың 14 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстап, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол 2020 жылдың 21 сәуірінен бастап тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды сатып алу жөніндегі дистрибьюторлық компанияны басқарған. 22020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды.

СК-Фармацияның бұрынғы басшысының ісі “Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану” және “Қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бабы бойынша қаралды. Атап айтқанда, ЖШС-тің бұрынғы басшысы 2020 жылдың сәуір-мамырында сапасыз қорғаныс костюмдерін сатып алып, дәрігерлердің жаппай инфекция жұқтыруына жол берді және қаруды заңсыз сақтады деп айыпталды.

Соңғы сөзінде Шәріп өзінің кінәсін мойындамайтынын қайталаған болаты. Бұған дейін прокурор Берік Шәріпке қауіпсіздік жағдайы орташа колонияда бес жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Добавить комментарий