ҚР ҰҚКМ баспасөз қызметі Сириядан 12 Қазақстанның азаматы оралғанын айтты, оның жетеуі — бала.
Бұл ҰҚК мен СІМ-нің бірлесе отырып басқа да халықаралық серіктестердің қолдауымен жүргізілген операция.
«Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттерге сәйкес террористік әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет оларға барлық қажетті көмекті көрсетеді. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларына енгізіледі», — делінген хабарламада.
Қазақстандықтардың террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан оралуы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталған «Жусан» операциясының жалғасы болып отыр.