Сирияда тырысқақ жұқтырған адамдар саны артып келеді.
Науқастардың жалпы саны 426 адамға жетті. 33 адам қайтыс болды.
Сирия Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні тырысқақ вибрионы тудыратын жіті ішек инфекциясын жұқтырған 426 адам анықталғанын хабарлады.
САНА агенттігі берген ведомстволық мәліметтерде жұқтырғандардың ең көп саны елдің солтүстігінде Алеппода анықталғаны атап өтілген — 260 адам. Сол жерде 28 азамат тырысқақтан қайтыс болды. Елде барлығы 33 өлім жағдайы тіркелді.
БҰҰ-ның Сириядағы гуманитарлық көмек үйлестірушісі Имран Реза атап өткендей, тырысқақтың таралуына жазғы аптап ыстық кезінде қауіпсіз көздерден, атап айтқанда Евфрат өзенінен және суармалы каналдардың суын тұтыну себеп болған.
Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі сириялықтарға жолдаған үндеуінде оларды «санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға, таза ауыз суды тұтынуға, жемістер мен көкөністерді жақсылап жууға, инфекцияны жұқтырудың белгілері пайда болған жағдайда ауруханаға дер кезінде баруға» шақырды.
ДДҰ мәліметінше, жыл сайын бүкіл әлемде тырысқақ жұқтырудың 1,3 млн-нан 4 млн-ға дейін жағдайы тіркеледі, ондаған мың өлім жағдайы анықталады.