Сирияда лаңкестердің шабуылынан бес әскери қызметші қаза тапты. Хабарламада айтылғандай, «Ислам мемлекеті» тобының (ҚР-да тыйым салынған) лаңкестері Сирия шөліне қарай бет алған әскерилер колоннасына оқ атқан.
Бұл туралы дүйсенбі күні SANA агенттігі хабарлады.
Агентіктің хабарлауынша, содырлар Махатта-эс-Селис мұнай станциясынан 50 шақырым жерде әскери автобустардың біріне тұтқиылдан шабуылдап, оқ атқан. Нәтижесінде бес сарбаз қаза тауып, 20-сы жарақат алды.
Соңғы айларда ИМ содырлары Сирияның шығысында әскери бекеттер мен әскери-көлік колонналарына бірнеше шабуыл жасады, үкімет әскерлері арасында адам шығыны бар. Атап айтқанда, қараша айында Сирия армиясының 13 әскери қызметшісі Дейр-эз-Зор провинциясының Мисраб ауданында лаңкестердің қолынан қаза тапты.Республика ҚК қолбасшылығы терроризмге қарсы операциялар жүргізу мақсатында шығыс өңірлерге қосымша әскерилерді жіберуде.