Сирияның Sana агенттігінің ақпаратына сәйкес, Сирия Президенті Башар Асад Ресейге ресми сапармен келді. Ол үлкен делегациямен бірге 14 наурыз күні кешкісін «Внуковоға» әуежайына келді.
Асад ресми сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Кездесу 15 наурызда Кремльде өтеді, деп хабарлады Ресей президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде түрлі салалардағы Ресей-Сирия ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ Сириядағы және оның төңірегіндегі жағдайды реттеу перспективалары талқыланады.
Президент Асад 2021 жылдың қыркүйегінде Ресейге барып, Президент Путинмен Кремльде кездескен болатын. Қос мемлекет басшыларының келіссөздері кешке өтті, ал оның нәтижесі туралы ақпарат келесі күні таңертең жарияланды.