Сирия ДХР және ЛХР-мен қарым-қатынас орнатуға дайын екенін білдірді

Сирия Президенті Ресей Федерациясы егемендігін мойындаған өзін-өзі жариялаған республикалармен қарым-қатынас орнатуға дайын екенін мәлілмдеді.

Башар Асад атап өткендей, «Украина дағдарысы батыс елдерінің АҚШ-тың жетекшілігімен халықтарды бөлу және Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін жасаған проблемасы»

Сирия билігі Донецк және Луганск халық республикаларымен қарым-қатынас орнатуға дайын. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асадтың сейсенбі күні жарияланған мәлімдемесінде айтылған.

«Сирия ортақ мүдделер мен өзара құрмет тұрғысында ДХР және ЛХР-мен қарым-қатынастарды орнату және нығайту бойынша жұмыс істеуге дайын екенін растайды», — делінген хабарламада.

Онда, сондай-ақ, Дамасктың пікірінше, «Украина дағдарысы батыс елдерінің АҚШ-тың жетекшілігімен халықтарды бөлу және Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін жасаған проблемасы» деп атап көрсетілген.

Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың президенттерімен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды. Путин РФ СІМ-іне ДХР және ЛХР-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуды, ал РФ Қорғаныс министрлігіне олардың аумағында бейбітшілікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Добавить комментарий