Түркияның Anadolu агенттігі Сирияда ауруханаға жасалған шабуыл кезінде он үш адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алғанын хабарлады.
«Тель-Рифат ауданында орналасқан террористер Африн қаласының орталығы мен Шифа ауруханасын артиллериялық қарумен атқылады. Шабуылдың салдарынан 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, көп адам жарақат алды», — делінген қорғаныс ведомствосының Twitter-дегі хабарламасында.
Қарулы топ басып алған Африн қаласында лаңкестік шабуылдар жиі болып тұрады. Лаңкестер автокөліктерге, ғимараттарға жарылғыш заттар қояды. Осындай терактілер салдарынан бірінші кезекте бейбіт тұрғындар мерт болады.
Түрік билігі ауруханаға Күрдістан жұмысшы партиясының жауынгерлік жасағына шабуыл жасады деп отыр. Түркияда КЖП террористік ұйым деп танылған.