Метеорологтардың мәліметі бойынша. Қазақстанда алдағы демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін. Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
«Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа-райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады — найзағай, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін», — деді «Қазгидромет» РМК.
Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды:
күндіз батыста +30 +37°С, оңтүстік-батыста +27 +37°С;
солтүстік-батыста +27 +35°С;
, солтүстікте, шығыста +22 +30°С;
орталықта +20 +28°С;
оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35°С, ал таулы аймақтарда +25°С шамасында.