Синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылиды деп болжап отыр

Қазгидрометорталық Қазақстанның оңтүстігінде 8-10 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктер Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарында 2022 жылғы 8-10 наурыз аралығында ауа температурасы 20 градусқа дейін жылитынын айтты.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының төмендеуін алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағандары 15…25 аязға дейін төмендейді», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің батыс және оңтүстік облыстарында ауа райы жақсы болады деп болжануда.

«Оңтүстік циклонның шығуы күндізгі ауа температурасының 10…20 жылуға дейін көтерілуіне әкеледі», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Добавить комментарий