Синоптиктер Қазақстанда ыстық болады деп болжап отыр

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады деп күтілуде.

«Ауқымды солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстик шыгыс аудандарының таулы аймақтарында, 31 тамыз-01 қыркүйек аралығында солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының батысында, 01 кыркуйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің күшеюі күтіледі», — делінген Қазгидромет синоптиктерінің болжамында.

Температуралық фонға келетін болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтілуде, күндіз термометр бағандары еліміздің басым бөлігінде 25-35 градус жылы, батыста және оңтүстікте 30-38 градус жылы болжанады.

Добавить комментарий