Қазақстандық синоптиктер елімізде ауа райы жылиды деп болжап отыр.
7-9 қазан күндері ауа райы жылиды деп күтілуде.
Болжамға сәйкес, кезең ішінде Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа-райы, циклонның ағып кетуінен, жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі, ал 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады.
«Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, шығыста және орталықта — көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста — шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10…18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8…15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15…20-ға дейін аздап жоғарылайды», — делінген хабарламада.