Синоптиктердің болжамынша, ертең Қазақстанда күн бұлтты болады.
Қар түрінде жауын-шашын жауады деп күтілуде, оңтүстікте өткінші жаңбыр жауады, жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан 4-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді.
Республиканың оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде тұман түседі, көру мүмкіндігі 100-800 м құрайды.
Солтүстік және орталық облыстарда түнде −13… −10 °С болады, күндіз ауа температурасы −8… −6 °С болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −9… 0 °С болады, күндіз термометр бағаналары −7… + 5 °С шамасында болады.
Еліміздің шығыс бөлігінде түнде −13… −5 °С, күндіз ауа температурасы −1… 0 °С дейін көтеріледі.
Республиканың оңтүстігінде түнде −3 + 2 °С болады, күндіз ауа температурасы + 3… + 9 °С дейін жылиды.