Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда бұрқасын соғады деп болжады

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда алдағы үш күнде солтүстік және шығыс өңірлерде бұрқасын соғады.

«Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік, шығыс өңірлерде қар, еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр және көктайғақ құбылыстары бар қар жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады», — делінген хабарламада.

Еліміздің шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда аяз 15-28 градусқа дейін сақталады, ал Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді.

Добавить комментарий