Синоптиктер 9 наурызда Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады: не күтіледі?

Қазгидрометорталықтың хабарлауынша, 9 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, соған байланысты қолайсыз ауа рай күтіледі.

Қар мен жаңбыр жауады. Елдің шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде көктайғақ болады деп күтілуде, сондай-ақ тұман болуы мүмкін.

Түнде кейбір өңірлерде ауа температурасы 5-18 аязға дейін төмендейді. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарын қоса алғанда, Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Добавить комментарий