Сингапурда вакцина салдырмағандарды тегін емдемейді

Сингапур билігі енді антиваксерлерге тегін медициналық көмек көрсетілмейтінін мәлімдеді.

12 жасқа дейінгі балалар және медициналық себептермен екпе ала алмайтын адамдарды коронавирустан емдейді.

Бұл шешім келесі айдан бастап күшіне енеді. Мемлекет екпе алуға рұқсаты бар, алайда вакцина салдырмаған адамдарды Covid-19 жұқтырса медициналық шотын төлеуді тоқтатады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

«Қазіргі уақытта екпе алмаған адамдардың көбісі қарқынды стационарлық емдеуге мұқтаж және денсаулық сақтау саласының жүктемесіне дәрежеде ықпал етеді», — делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Осыған байланысты Сингапур үкіметі індетке шалдыққан антиваксерлерді келесі айда тегін емдеуден бас тартуға шешім қабылдады.

«Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдыруға рұқсаты бар, екпе салдырғысы келмейтін науқастардытегін емдемейтін болады. Бұл 8 желтоқсаннан бастап күшіне енеді», — деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Министрлік хабарлағандай, қазіргі таңда ел халқының 85%-ы толығымен вакцина салдырған, азаматтардың 18%-ы қайта вакцина салдырды.

Добавить комментарий