Сингапур билігі ҚХР пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ғалымның тұтқындалғанын хабарлады.
Хабарланғандай, Диксон Ео жалған компанияның атын жамылып АҚШ туралы құпия ақпарат жинап, артынан қытайлық арнайы қызметтерге бергені үшін кінәсін мойындады.
Сингапурлық ғалым Қытайдың арнайы қызметтеріне жұмыс істегені үшін екі жылға қамауға алынды. Бұл туралы сейсенбі күні республиканың Ішкі қауіпсіздік басқармасының мәлімдемесінде айтылған.
«Диксон Ео (Ео Цзюнь Вэй) шетелдің барлау қызметімен ынтымақтасып, шетелдік кураторлары берген түрлі тапсырмаларды орындап, сол үшін ақшалай сыйақы алып отырған», — делінген хабарламада. Ғалым «басқа мемлекеттің барлау қызметімен жұмыс істейтінін білген», — деп атап өтті ведомствода өкілдері. Мәлімдемеде «ол Ұлттық қауіпсіздік туралы заңға сәйкес екі жылға қамауға алынды» деп көрсетілген.
«Сингапур билігі шетелдік үкіметпен байланысып, шет мемлекеттердің берген нұсқаулығымен әрекет ететін кез келген адамға қатаң қарайды. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен елдің мүддесіне қайшы», — деп атап өтті басқармадан.
2020 жылдың қазан айында АҚШ соты ҚХР пайдасына тыңшылық жасаған 40 жастағы ғалымды түрмеге қамаған. Өткен жылдың соңында Сингапурға депортацияланғанда, арнайы қызметтер тұтқындаған. Бұған дейін ол жалған компанияның атын жамылып, АҚШ туралы құпия ақпарат жинап, оны қытайлық арнайы қызметтерге берген үшін кінәсін мойындаған. Ол сондай-ақ басқа мемлекеттерге қатысты заңға қайшы қызмет атқарғанын хабарлады. Американдық тергеушілердің мәліметінше, Ео 2015 жылы Бейжіңге барған сапарында осындай қызметке тартылған.
Ұлттық қауіпсіздік туралы заң сот шешімінсіз екі жылға дейінгі мерзімге қамауға алуға мүмкіндік береді, президент ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша қамауда ұстау мерзімін бірнеше рет ұзарта алады.