Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің пікірінше, Қытай Тайвань мәселесіне сыртқы күштердің араласуына және аралдың тәуелсіздігіне бағытталған сепаратистік қызметке көз жұма қарап тұрмайды.
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының бірінші сессиясының жабылу рәсімінде аталған мәлімдеме жасалды. Ол Қытай «бір Қытай» қағидатын және 1992 жылғы консенсусты ұстанатынын, сондай-ақ Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы қарым-қатынастың бейбіт дамуына белсенді жәрдемдесетінін атап өтті.
Сонымен қатар, Си Цзиньпин Қытай үкіметінің елдің егемендігі мен дамуын қорғау үшін Қытай Халық азаттық армиясын жаңғыртатынын айтты.
Ол сондай-ақ Қытай басқа елдерге қатысты ұлттық экономиканың ашықтығы саясатын жүргізіп, сонымен қатар олардың дамуына жәрдемдесетінін атап өтті.
Қытай жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстанып, жаһандық басқару жүйесін реформалау мен қалыптастыруға белсенді қатысады.