Шымкентте 150-ден астам қазақстандыққа қомақты залал келтірген «ЖК-Otau kz» қаржы пирамидасы туралы істі тергеу аяқталды. Аталған инвестициялық схеманы ұйымдастырушыларға қатысты Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген тергеу материалдарының нәтижелері бойынша сот үкімі шығарылды.
Айыптауға сәйкес, 2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен бұл азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаржы мониторингі агенттігі Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске салды. Ұйым қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрады.
Бұл оқиға компаниялардың инвестициялау алдындағы сенімділігін мұқият зерттеу қажеттілігі туралы ескерту болды. Агенттік осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚМА сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі жарияланды.