Шымкентте халық үшін ұйымдастырған концерт, көрермендердің жауапсыздығына байланысты айыппұлмен аяқталды. Қалалық әкімдік бұқаралық іс-шараны автокинотеатр форматында өткізу шартымен ғана өткізуге рұқсат берді.
Шоу дәл Наурыз алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды КТК. Жарық шамдар, қатты музыка, түтін және драйв. Ұйымдастырушылар карантиннен шаршаған жастардың көңілін осылай көтермек болған. Барлық көрермендер автотұрақта өз орындарын алуы және көліктерінен екі метрден алыс кетпеуі керек еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер саны қатаң шектелген.
Бірақ концерт кезінде сахнаның алдына үлкен топ жиналып, оларды полицейлер әрең тосқауыл қойып тұрды. Шоу соңында айыппұлмен аяқталды. Ұйымдастырушылардың қателігі — олардың концерт өтетін жерді қоршамағаны және көшедегі билеті жоқ жүргіншілер сахна алдына арақашықтықты сақтамай жиналды.
«Адамдар қатты музыкаға жинала бастады, әрине, мұндай жағдайда санитарлық талаптар сақталмады. Сондықтан қазіргі таңда полиция мен санэпидемиологтар концертті ұйымдастырушыларға айыппұл салды», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.