Шымкентте құтқарушылар қаладағы пәтерлерінің бірінен үш адамның денесін тапты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шақырты бойынша келген. Олар арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашты.
Қалалық ТЖД хабарлағандай, пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Алдын ала боллжам бойынша олар улы газбен уланып қалды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.