Шымкентте он үш вагон рельстен шығып кетті

Шымкентте теміржол станциясында 13 вагон аударылды.

«2020 жылдың 24 қазанында сағат 02.31-де Шымкент қаласында темір жол станциясында 13 вагон (бос вагондар, 21 вагоннан тұрады. №117 бұрылыс) аударылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға себептері анықталуда», — деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы жолда тұрып қалған.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ҚТЖ-ның 200 жұмысшысы, Шымкент, Арыс және Тараз стансаларынан 3 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Оқиға орнында Шымкент қаласының 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясының 10 қызметкері және 1 бірлік техника жұмыс істейді. 24 қазан сағат 13:00-ге қарай пойыздарды өткізу үшін бір жол босатылады деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий