Шымкентте карантин ұзартылды

Қалада қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев өзіне сеніп тапсырылған аумақта карантин мен қатаң шектеу шараларын ағымдағы жылдың 23 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

«Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 9 қарашада сағат 00:00-ден 2020 жылғы 23 қараша сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын», — делінген № 42 қаулыда.

Қалада бірқатар шектеу шаралары сақталады, оның ішінде:

  • адамдардың көп жиналуына байланысты іс-шараларды өткізуге тыйым салу (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және басқалар)
  • 65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүруін шектеу.
  • қалада жүріп-тұру кезінде бетперделердң кию бойынша міндетті талапты және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
  • аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға үш адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтармен баруға рұқсат етіледі.
  • тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалар ойын алаңдарына үш адамнан аспайтын топтармен баруға рұқсат етіледі.
  • қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналуы мүмкін объектілерге, оның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде қоғамдық орындарға барғаннан кейін бетперделерді киіп жүру және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50% қашықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда) қаулы сақталады

Сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласының объектілерінде және адамдар көп жиналатын жерлерде күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу сақталады.

Добавить комментарий