Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеті анықталды

Шымкентте коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактуралар жазып берген сегіз адамнан тұратын ҰҚТ-ның заңсыз қызметі анықталды. Жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асты. ҰҚТ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлады Шымкенттің Экономикалық тергеу департаменті.

Хабарламада айтылғандай, сегіз адамнан тұратын ҰҚТ материалдық сыйақыға қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра отырып, іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен айналысқан

«Тергеу барысында қылмыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асатын бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша қызметтер көрсеткені анықталды», — делінген департаментте.

ҰҚТ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс бірден бес бап бойынша, оның ішінде 3-баптың 216 баптың 3-бөлігі «Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау», 262-баптың 1-бөлігі бойынша «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша сотқа жіберілді.

Бұған дейін Түркістан облысының екі тұрғыны мемлекетті жеті миллиард теңгеге алдап соққан болатын. Олар сондай-ақ жұмысты нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беріп отырған. Жетісай аудандық сотының үкіміне сәйкес айыпталушылардың екеуі де тиісінше бес жарым жылға және үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий