Шымкентте блогер шенеуніктен әкімшілік ғимараттағы жыртылған тудың видеосын әлеуметтік желіде жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.
Полицияның хабарлауынша, мемлекеттік қызметкер ақша бопсалағаны туралы арызбен жүгінген. Өздерін танымал блогерміз деп таныстырған бірнеше адам әкімшілік ғимараттағы жыртылған мемлекеттік тудың видеосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп қорқытқан, бейнежазбаны жарияламау үшін жарты миллион теңге талап еткен.
«Өз кезегінде олар әкімшілік ғимараттағы жыртылған мемлекеттік тудың видеосын жарияламауға уәде берді», — деп хабарлады Шымкент полициясы.
Аталған факт ҚР ҚК 194-бабы «Бопсалау» бойынша тіркелді.
Полицияның хабарлауынша, күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Жедел уәкілдер Toyota Camry автокөлігінен 300 мың теңге тәркіледі.
Блогер тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.