Шымкентте 610 отбасы АӘК-ні заңсыз алған

Шымкентте 610 отбасы жалған анықтамамен атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған.

Мемлекетке 30 млн теңгеден астам көлемде зиян келтірілді, енді олар жәрдемақыны қайтаруға тиіс.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, көптеген отбасылар ақшны өз еріктерімен қайтарған, ал кейбірі бойынша полиция «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

«391 отбасы бюджетке өз еркімен 17 млн 502 мың теңгені қайтарып берді. Тағы 219 отбасының ісі сотта қаралды, екі жүз факт бойынша шешім шықты. Біреулер заңсыз түрде жәрдемақыны екі тоқсан, біреулер бір тоқсан алды. Әркімдікі әртүрлі. Қазір аудит жүргізілуде», — деді басқарма басшысы.

 

Добавить комментарий