Шымкент: Қыз алып қашу оқиғасының мән-жайы

Ашық дереккөздерде 2021 жылғы 30 наурызда қызды күштеп алып қашу оқиғасына қатысты мәліметтер жарияланған болатын.

Хабарланғандай, полицейлер қызды және оны ұрлаушыларды Түркістан облысында тапты. Оларды Шымкент қаласының полиция басқармасына жеткізді. Ер адам қызды үйлену мақсатында ұрлаған. Қызды ұрлаушылардың барлығы Түркістан облысының тұрғындары.

«Сол түні 18-ші ықшамауданда мен танымайтын ер адамдар мені достары үйлендіру мақсатында мені күштеп көлікке отырғызып, үйіне алып кетті. Осы уақыт ішінде мен оның үйінде болдым. Маған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасалған жоқ. Қазір менде бәрі жақсы «, — деді қыз.

Полиция «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша тергеу амалдарын бастады. Бұл бапта бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Ұрлауға қатысы бар барлық адамдар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

29 наурызда әлеуметтік желілерде қызды алып қашқан видео тараған болатын. Кадрларда көмек сұраған қызды күштеп көлікке отырғызғаны көрінеді.

Добавить комментарий