Шымкент: құрылыс дүкендерінде алапат өрт шықты

Шымкентте 17 қаңтарға қараған түні «Евролюкс», «Гармония», «Марморит» және «Медина» құрылыс дүкендерінде, сондай-ақ Әйтеке би көшесінде орналасқан қоймада алапат өрт шықты.

Өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 01:15 келіп түсті, қызыл жалын 1300 шаршы метр аумақты шарпыды. Дүкендердің жалпы аумағы 2500 шаршы метр.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қызыл жалын көршілес ғимараттарға таралуын болдырмау үшін бар күшін салып, тілсіз жжалынмен арпалысуда. Өрттің шығу себебі мен ықтимал зардап шеккендер туралы әзірге хабарланбады. Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізеді.

Добавить комментарий