Шымкент: Қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды

Шымкентте қоқыс жәшігінен тіршілік белгісі жоқ әйелдің денесі табылды.

«Отырар» басылымы хабарлағандай, әйелдің денесі көрпеге оралып, тұрмыстық сөмкеге салынған.

«Аталған жайт Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 99-бабы «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әйелдің денесі көрпеге оралып, тұрмыстық сөмкеге салынғаны хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Добавить комментарий