Шымкент түбінде бөгеттер — қорғаныс құрылыстарының құрылысы жүріп жатыр. Олардың міндеті табиғи апат жағдайында елді мекендерді қорғау. Жұмыстар табиғат апатынан зардап шеккен Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Елтай ауылында жүргізілуде. Тәуекел аймақтарында барлығы 10 бөгет орнатылады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Бөгеттердің көлемі 20х8, 25х10 және 30х10 құрайды. Көлемі — 200 мың м3. Құрылыс ұйымы жұмысты ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, ауыл орталығы арқылы өтетін 1,5 метр тереңдіктегі арықты тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған бетон көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Көпірдің ұзындығы — 9 метр, жалпы ауданы — 100 метр.
Мұрат Әйтенов жұмыстың сапасына баса мән беруді айтып, су тасқынының алдын алу бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді.
Бұдан бұрын биылғы жылдың мамыр айында жаңбыр түрінде жауатын жауын-шашынның және Түркістан облысы Төлеби ауданынан арық арналары арқылы келіп түсетін судың салдарынан Еңбекші ауданы Елтай шағын ауданындағы жеке меншік үйлердің 60 ауласын су басқаны хабарланған болатын.